Қоғам

Елімізде темір тұлпар иелері айыппұлды жеңілдікпен төлей алады

© SputnikЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық бұзушы айыппұлды бір апта ішінде төлесе, елу пайыз жеңілдік алмақ

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Жол жүру ережесін бұзып, камераға түсіп қалған автокөлік иелері бір апта ішінде айыппұл төлейтін болса, 50% жеңілдік алады, деп хабарлайды әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев.

Жаяу жүргіншілер өтетін жер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев жол жүру ережесін бұзуға қатысты жауапкершілікті жеңілдететін заңға қол қойды

Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі заңнамаға сәйкес Қазақстанда автоматты жүйеде тіркелген жол жүру ережесін бұзу жайттары бойынша 50% жеңілдік қарастырылған.

"Түзетулерге сүйенсек, азаматтар келесі жылдан бастап жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынған сәттен бастап жеті күн ішінде бекітілген үлгідегі түбіртекпен соманың 50%-н ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады", — деді Кеңісбаев баспасөз мәслихатында.

Бұл түзетулер ресми түрде жарияланған соң он күн өткенде күшіне енеді.

Жаңалықтар
0