Спорт

Головкиннің даулы жекпе-жегі, "Астананың" жеңісі, допинг дауы: Биыл спортта нендей жаңалық болды?

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін біз қазақ спортшылары қандай жетістіктерге жетіп, қандай сәтсіздіктерге ұшырағаны жайлы баяндаймыз

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik, Нұргүл Абай. Тауық жылы Қазақстанның спорт саласында несімен есте қалды? Sputnik Қазақстан тілшісі 2017 жылдың жағымды-жағымсыз оқиғаларын еске түсіріп, өткенге шолу жасағанды жөн көрді.

Қазақстанды әлемге әйгілеген Универсиада

Тауық жылының парағы тек спорт қана емес, еліміз үшін де тарихи айшықты  оқиғамен ашылды. Бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде Алматы алғашқы болып, XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. 

29 қаңтарда сән-салтанатымен ашылған Дүниежүзілік Универсиада он күнге созылып, 8 ақпанда ресми түрде жабылды. Байрақты бәсекеде жаһанның 57 елінен жиналған 17 мен 28 жас аралығындағы екі мыңға жуық спортшы бақ сынады. "Алматы-Арена" мұз сарайында өткен халықаралық жарыстың ашылу рәсіміне ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

Спорт тарихындағы ауқымды оқиғаны 1 миллиардтан астам көрермен тамашалады. Жарыстар 8 нысанда спорттың 12 түрінен өтті. Дүбірлі додада 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі сайысты ұйымдастыруға 3000-ға тарта ерікті атсалысты, оның ішінде шетелдіктер де бар.  

© Универсиады 2017 ресми сайтыУниверсиада 2017, конькимен жүгру спорты
Универсиада 2017, конькимен жүгру спорты - Sputnik Қазақстан
Универсиада 2017, конькимен жүгру спорты

Қазақстан құрамасы 28-ші қысқы Универсиаданы сәтті өткізіп, ел намысын абыроймен қорғады. Ел қоржыны 11 "алтын", 8 "күміс", 17 "қоламен" толығып, жалпыкомандалық есепте 36 медальмен екінші орынға табан тіреді. 

Бірінші орынды 29 "алтын", 27 "күміс" және 15 "қола" медальмен ресейліктер иеленсе, үздік үштікті 11 "алтын", 5 "күміс" және 5 "қоламен" Оңтүстік Корея тұйықтады. 

Универсиада бәсекесінде оза шапқан спортшылардың барлығына ақшалай сыйақы табысталды. "Алтын" алғандар – 4,9 миллион теңге, күміс жүлдегерлер –  3,3 миллион теңге, ал қола иеленгендер 1,6 миллион теңге сыйақыға ие болмақ. Жүлдегер спортшылардың бапкерлері де құр алақан қалған жоқ. 

Қазақ боксшыларының жұлдызы жанған жыл 

Ұлты қазақ болмаса да, жаны қазақ Геннадий Головкиннің әр жекпе-жегі – қазақстандықтар тағатсыздана күтетін айтулы оқиға, ал жеңісі зор қуаныш. Биылғы жыл әлем чемпионы үшін табысты жыл болды десек артық айтқандық емес. Отандасымыз АҚШ-та екі жекпе-жек өткізіп, ел мерейін үстем етті. 

Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Фото
Головкин vs Джейкобс: жеңіс жолындағы 12 раунд

Бірінші кездесу наурыз айында Нью-Йорктің 20 мың орындық "Madison Square Garden" аренасында өтті. Головкин шаршы алаңда америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды (GGG мансабында алғаш рет 12 раунд бойы қолғап түйістірді). Төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берді. Бұл тұста қазақстандық боксшының америкалық қарсыласын төртінші раундта нокдаунға жібергенін атап өту керек. 

Осылайша бокс жұлдызы кәсіпқой рингтегі 37 жекпе-жегінде 37-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын қорғап қалды. 

Нью-Йорктегі бокс кеші аяқталысымен, іле-шала Головкин жазда Астанада жекпе-жек өткізеді деген ақпарат тарады. Спорт басылымдары GGG британиялық Билли Джо Сондерспен рингке шығуы мүмкін деп топшылады. Головкиннің "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында елордада жекпе-жек өткізгені Қазақстанға да абырой әкелері анық еді. Тіпті бұл жағымды жаңалыққа қазақстандықтардың қалай қуанғаны да есімізде. Алайда қуаныш көпке бармады, маусымға жоспарланған жекпе-жектің өтпейтіні белгілі болды. Есесіне GGG қыркүйек айында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қолғап түйістірді. 

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сондерс Головкин - "Канело" жекпе-жегіне болжам жасады

Лас-Вегастағы 20 мың орындық T-Mobile аренасы бокссүйер қауымға лық толды. Кездесу бұл жолы да 12 раундқа созылды. Головкин қарсыласын қыспаққа алғанмен, 27 жастағы Альварес оңай шағылатын жаңғақ емес екенін көрсетті. Қос мықтының айқасы тең аяқталды. Алайда төрешілердің шешімі жанкүйерлердің наразылығын тудырды, тіпті бұған екі боксшының да көңілі толмаған еді. GGG – "Канело" жекпе-жегінің соңы даулы мәселеге айналды. Бокс жанкүйерлері Головкинді "жығып берген" төреші Аделаида Бердті төреліктен қуу керек деп шулады. 

Қазір Головкин мен Альварестің командасы реванш өткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Қарымта жекпе-жек келесі жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін деген болжам бар. 

Биыл Қанат Исламның канадалық Брэндон Кукке қарсы өткізген жекпе-жегі де ел есінде қалды. Кәсіпқой бокс кеші "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтті. 

© AP Photo / Isaac BrekkenСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
1/3
Сауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
© Photo : пресс-служба Qazaq PromotionsҚанат Ислам мен Брэндон Кук
Қанат Ислам мен Брэндон Кук - Sputnik Қазақстан
2/3
Қанат Ислам мен Брэндон Кук
© Sputnik / Айгюзель КадирФируза Шарипова
Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан
3/3
Фируза Шарипова
1/3
Сауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
2/3
Қанат Ислам мен Брэндон Кук
3/3
Фируза Шарипова

Бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукті 9-раунда техникалық нокаутпен жеңді. Отандасымыз жекпе-жекте қарсыласын бірнеше мәрте нокдаунға жіберді. Осылайша 33 жастағы боксшы 25-ші кездесуін де сәтті аяқтап, 25-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал 18 жекпе-жекте мерейі үстем болған Кук алғаш рет қазақ елінде жеңілістің кермек дәмін татты. 

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам Брендон Кукты ойсырата жеңді

Биылғы жыл Қанат Ислам үшін де құтты жыл болды. Спорттық мансабында жұлдызы жанған боксшының отбасында бесінші сәби дүниеге келді. Бұл туралы Исламның командасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында сүйіншілеген болатын. 

Тауық жылы былғары қолғап шеберлеріміздің айы оңынан туған жыл болды десек жаңылыспаспыз. "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында елорда тұрғындары мен қонақтары тағы бір спорттық оқиғаның куәсі болды. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Фируза Шарипова болгар Милена Колевамен жұдырықтасты. Он раундқа созылған жекпе-жекте боксшы қызымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әйелдер арасында кәсіпқой бокстан Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы атанды.

23 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Осыған дейін отандасымыз сегіз кездесу өткізген болатын. 

Қазір Фируза 30 желтоқсан күні 12 мың орындық Almaty Arena кешенінде өтетін айқасқа қызу дайындық жүргізіп жатыр. Отандасымыз "Питбуль" лақап атымен танымал бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен кездеседі. Шарипова екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Мансап пен жеке өмірдегі сәтсіздіктер 

Допингке байланысты басы дауға қалған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге қатысты ресми шешім шықты. 

Илья Ильин Бейжің Олимпиадасында - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ильин бұрынғы бапкері Алексей Нимен қарым-қатынасы туралы айтты

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, Ильин екі жылға спорттан шеттетілді. ҚР Ауыр атлетика федерациясының көмегімен спортшы Олимпиададан басқа додаларда алған марапаттары мен титулдарын сақтап қалды. 

Дисквалификация заң бұзушылық анықталған сәттен бастап, яғни 2016 жылдың 10 маусымында күшіне енді. Демек, Ильиннің спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың маусымында аяқталады деген сөз. Осыдан кейін ауыр атлет 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатыса алады. 

Таяуда БАҚ өкілдерімен кездескен Ильиннің өзі: "Олимпиадаға қатысамын деп нақты айта алмаймын. Әрине, мен әлі жаспын, 29-да ғанамын. Қатысуға барлық мүмкіндік бар. Ол үшін, ең алдымен, еліміздің спорт басшылығымен сөйлесу керек. Бұл жолда қандай қиыншылықтар, кедергілер күтіп отыр, талдау жасау қажет. Содан кейін әр спортшы сияқты толық тексерістен өту керек" деген болатын.  

© Sputnik / Болат ШайхиновИлья Ильин
Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Илья Ильин

Қазақстандық ауыр атлет Токио Олимпиадасына қатысатын-қатыспайтыны қаңтар айында белгілі болатынын айтып сендірді. 

Допинг дауы спортшының жеке өміріне де салқынын тигізген сыңайлы. Олай дейтініміз, бір ай бұрын ауыр атлет Men's Health Kazakhstan басылымына берген сұхбатында 12 жыл бірге болған әйелімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Сөзіне қарағанда, ерлі-зайыпты ең қиын сәтте сынаққа шыдай алмаған. Ильин мен гандболшы Наталья Кулакованың Милана есімді қыздары бар. 

Қазір Ильин Қазақстандағы танымал бойдақтардың қатарында. 

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралмақ

Арулардың арманына айналған бойдақ жігіттер тізімі қазақ боксшысы Данияр Елеусіновпен де толықты десек болады. Рио Олимпиадасының чемпионы бір сұхбатында әйелімен бөлек тұру жайлы шешімге келгенін мәлімдеген еді. Атақты спортшы отбасындағы проблемаларға қарамастан, қолдан келгенше баласының бар жағдайын жасайтынын айтты. 

Елеусінов бұл мәлімдемесімен Қазнетті біраз "шулатқаны" рас. Десек те жыл басында боксшы жігіт әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысатынын жар салып, ел назарын өзіне аударған болатын. Алайда кейінірек спортшы MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен бекіткен келісімшартты бұзды. 

Айтуынша, промоутерлік компанияның ұсыныстары оның көңілінен шықпаған, осылайша ол әуесқой боксқа қайтып оралуды жөн көріпті. Қазір Даниярдың арман-мақсаты – екі дүркін Олимпиада чемпионы атану. 

Винокуров сотта не дейді?

Осы жылы спорт сүйер қауымды алаңдатқан тағы бір оқиға велошабандоз Александр Винокуровтың ісі болды. "Астана" велокомандасының бас менеджері, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы 13 наурызда Бельгияның қылмыстық сотында жауап береді.

Винокуров пен 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, ресейлік Александр Колобневке алдын-ала келісіп жарысқа түсті деген айып тағылып отыр. Винокуров 2010 жылы өткен Льеж-Бастонь-Льеж жарысында Колобневке 150 мың еуро беріп, мәреге одан кейін келуді өтініпті-міс. Қос спортшы да бұған дейін талай рет мұны жоққа шығарған болатын. 

Егер сотта Винокуров пен Колобневтің кінәсі дәлелденсе, онда олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді. 

Қазақ футболының тарихи жеңісі

Есесіне тарих қойнауына енетін 2017 жылға  "Астана" футбол клубының өкпесі жоқ шығар деп ойлаймыз. "Астана" ФК  чехиялық "Славия" командасын ұтып, қазақстандық клубтар арасында алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне өтті. Қазақстандық команданы тарихи жеңісімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтады. 

© Photo : "Астана" ФК ресми сайты"Астана" - "Славия"
Астана - Славия - Sputnik Қазақстан
"Астана" - "Славия"

"Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар", – деген болатын президент жеделхатта.

Қазақстанның спорт саласындағы ел назарына іліккен басты оқиғалар осындай. 

 

Жаңалықтар
0