АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Бүгін ОКҚ-де өткен брифингте қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бұрынғы бапкері Алексей Нимен араласып тұратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз онымен хат жазысып, араласып тұрамыз. Бұрынғы таныстар сияқты. Оның мен туралы айтқан жылы сөздерін естідім. Үлкен алғыс айтамын. Біз онымен көптен таныспыз. Ол Қазақстанның ауыр атлетикасы үшін біраз еңбек сіңірді. Қиын кезеңдерде ауыр атлетиканы аяққа тұрғызды. Жасы үлкен адам ретінде маған жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсетті. Сондықтан мен оған ризамын", — деді спортшы.
Осылайша, Ильиннің спорттан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың маусымында аяқталады.
Бүгін брифингте ауыр атлет 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысатын-қатыспайтыны қаңтар айында белгілі болатынын мәлімдеді.
Илья Ильин – үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы.