Өңірлер

Таразда әріптестерін пышақтаған полицей 15 жылға сотталды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ ұстаған ер адам, архивтегі фото
Пышақ ұстаған ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұрат Үмбетәлиев "полиция подполковнигі" атағынан айырылды

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Таразда әріптестерін пышақтаған жоғары лауазымды полицей 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.  

Облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы Мұрат Үмбетәлиевке екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылды.  

Кісен, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да мас күйінде төбелес шығарған полицей қамауға алынды
Сот үкімімен оған 15 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленді, мүлкі тәркіленеді.  

Үмбетәлиев ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы бойынша "полиция подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.  

Осы жылдың тамызында бірге ішімдік ішкен полицияның экс-қызметкері Марсель Жетпісбаев, Жамбыл облысы ІІД басқарма басшылары Мұрат Үмбетәлиев пен Ерлан Бектұрғановтың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.  

Үмбетәлиев екі бөтелкелесіне пышақ жарақатын салып, қашып кеткен. Кейінірек оны полицейлер ұстады.    


Жаңалықтар
0