АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Түркияда Қазақстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан келген үш қыз қонақ үйде жезөкшелікпен айналысқаны үшін ұсталды, деп хабарлады Vesti.uz.
Қыздарды Мугла қаласының полициясы қамауға алғаны белгілі болды. Ұсталған қыздар Бодрумге демалуға келіп, ақшасыз қалғанын, демалысты одан әрі жалғастыру үшін"бизнеспен" айналысуға шешім қабылдағанын мойындаған.
Haberler.com агенттігінің мәліметінше, үш қыз да Түркия аумағынан шығарылды.