АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен Алматыдағы секс-притоннан табылды, деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
17 жасар жезөкшенің отбасы оның қайда әрі не істеп жүргенінен бейхабар болыпты.
Полицейлердің анықтауынша, қызды алдап-сулап, жеңіл жүріске салған.
"Қыркүйекте ол үйден кетіп қалған, біз тауып алғанша клиенттерге интимдік қызмет көрсетіпті. Отбасы мен жақындары оның қайда кеткенін білмеген. Із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Қазір қыз отбасына қайтарылды", —дейді Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.
Қызды алдап, осындай әрекетке баруға көндіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу жалғасуда.