АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Сауд Арабиясында алты адамның өмірін жалмаған жол апатына кінәлі жүргізушіге өлім жазасы кесілді, деп хабарлады CA-News.
Сот үкімі 25 желтоқсан күні Эр-Риядте орындалды. Мұхаммед әл-Кахтани атты 45 жастағы ер адамның басы шабылды.
Eremnews порталының мәліметінше, 2013 жылы ішімдікке тойып алып, джипке отырған ер адам 200 км/сағ жылдамдықпен өзге көлікке соқтығысқан, оның ішінде бір отбасының жеті мүшесі болған.
Алты адам қаза болды. Тек бір қыз аман қалған.