АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің кезекті отырысында федерация жарғысына сәйкес төрт облыстың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағалары сайланды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Кадрларды ішкі ауыстыру аясында белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары болып сайланды, Г.Жұмагелдиева Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Бұрын қызмет атқарған: 1947 жылы туған, Ақмола облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы К.Бекішев; 1954 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрайымы Д.Ахметова; 1952 жылы туған, Астана қаласының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы С.Мыңбаев Атқару комитетінің шешімімен зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды. Б.Сапарбаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрайымы қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Ерлан Бияхметұлы Саиров Шығыс Қазақстан облысында 1970 жылы туған. Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінде басшылық қызметтерді атқарды, "Мәдени даму институты" қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі болды. Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.