Саясат

Мемлекет басшысы Әбдірайымды жаңа қызметімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайыммен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайыммен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен  Chevron компаниясының директоры Джон Уотсон - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

– Сіз көптеген қызмет атқардыңыз. Ректор да, министрдің орынбасары да болдыңыз. Құқық қорғау, әділет органдарында, Жоғарғы сотта еңбек еттіңіз. Заң саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңіз мол, – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.


Жаңалықтар
0