Ресейге зымыран бөлшектері құлайтын жер бөлу кейінге қалдырылды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуЗымыран
Зымыран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, жұртшылықтың наразылығын тудырған еді

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Мәжіліс депутаттары зымыран бөлшектері құлайтын аудан ретінде Ресейдің Қазақтан жерін пайдалануына қатысты заң жобасымен жұмыс мерзімін 2020 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Байқоңыр - Sputnik Қазақстан
Аэроғарыш комитеті тағы бір қазақстандықты ғарышқа ұшыруға қатысты түсініктеме берді

Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы келісімде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде "Союз" тасымалдағыш зымырандарынан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстаннан жер учаскесін бөлудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері айқындалады. Бұл заң жобасын қарау мерзімі биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген еді. 

"Бірақ 23 қарашада Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен хат келіп түсті, олар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлек мерзімін 2019 жылға дейін ұзартуды сұрайды. Бұл аталған құжатты қазіргі кезде әзірленіп жатқан "1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы органдарды құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасымен бір мезгілде қарастыру қажеттігіне байланысты болып отыр", — деді мәжілістің жалпы отырысында халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанат Жарасов.

Осыған байланысты комитет заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынды. Мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты қолдады.

Жаңалықтар
0