Аэроғарыш комитеті тағы бір қазақстандықты ғарышқа ұшыруға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБайқоңыр
Байқоңыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аэроғарыш комитеті ресейлік ғарыш кемесі экипажының құрамында қазақстандық ғарышкердің ұшуына қатысты түсініктеме берді

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті 6 желтоқсанда бірқатар аудандық және республикалық БАҚ-тарда шыққан ресейлік ғарыштық кеме экипажының құрамында қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіндігі туралы ақпаратты толықтай дұрыс деп айтуға болмайды. Нақты айтқанда, Ақтөбе планетарийінің 50 жылдығында Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтың сұхбат барысында аталған мәселе бойынша айтылған сөзі дұрыс түсіндірілмеген", — деп мәлім етті аэроғарыш комитеті.  

Комитет хабарлағандай, қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ. 

"Заманауи космонавтика бұл, ең алдымен, жаңа білім, техникалық прогресс және адамзаттың болашағы. Сондықтан болашақта Қазақстан Республикасы, әрине, ғарыштық зерттеулер жүргізуге қажеттілік туындағанда басқарылатын космонавтиканы дамытуды жоспарлап отыр", — де атап өтті комитеттегілер. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше бұқаралық ақпарат құралдарында тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады деген ақпарат тараған еді. 

Байқоңырдан  Союз МС-02 басқарылатын кемесімен Союз-ФГ зымыран тасымалдағышы ұшырылды, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады

"Ресей қазір ғарыш кемесін дайындап жатыр, ол 6 орынды болуы мүмкін, экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер болады. Кадр табылады, бізде бұл қадамға дайын мамандар көп ", — деген Айдын Айымбетовтың сөзін келтірген еді БАҚ.  

Қазіргі уақытта Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компания" АҚ вице-президенті лауазымында. Бұл компания жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып табылады.


Жаңалықтар
0