Қоғам

Шахтерлердің жалақысына қатысты тергеу жалғасып жатыр – Дүйсенова

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуШахтерлер
Шахтерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан болатын

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің жалақысына қатысты екіұшты ақпарат бойынша қызметтік тергеу жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен сіздерге ресми статистикада көрсетілген орташа жалақы туралы айттым. Ресми нұсқа бойынша ол дұрыс ақпарат. Мен кімнің қанша алатынын аты-жөнімен атап көрсеткен жоқпын ғой. Мәселен Иванов 140 мың немесе Сидоров 350 мың деген сияқты. Мен тек ресми ақпаратты қана ұсындым. Қазір бұл мәселе егжей-тегжей тексерілуде. Осы тұста тағы бір мәрте айтып өткім келеді: заңға сәйкес азаматтың жалақысын жария ету заң бұзушылық болып саналады", — деген министр қызметтік тергеу бір ай ішінде аяқталатынын атап өтті. 

Естеріңізге салып өтсек, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлері зейнет жасын төмендету және жалақыны өсіру талабымен жер астынан шықпай қойды. Ереуіл төрт-бес күнге созылды.

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова: шахтерлердің жалақысы туралы ақпарат таратқан адам жазаланады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің қанша алатынын мәлімдеген болатын. 

"Қазіргі уақытта "АрселорМиттал" шахталарында істеп жатқан азаматтар алатын еңбекақының ең төменгі мөлшері  — 208 мың теңге,  ал жоғары мөлшері — 326 мың теңге ", — деген еді министр.

Кейінірек БАҚ бетінде ереуілдеткен шахтерлердің нақты жалақысы көрсетілген суреттер тарады. Кеншілер ешкім де 300 мың теңге айлық алмайтынын айтып шулады.

Жаңалықтар
0