Өңірлер

Қарағанды әуежайы үш күннен бері жабық

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 желтоқсанда таңертең жаңбыр жауған соң, әуежайдағы ұшу-қону жолағы көктайғаққа айналған

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды әуежайы ауа райының күрт бұзылуына байланысты 24 желтоқсаннан бері уақытша жабылды, деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті.

Әуежай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанадан Өскеменге ұшатын рейс кешеден бері кешігіп жатыр

"Жаңбырдан кейін ұшу-қону жолағы көктайғаққа айналған соң, 24 желтоқсан күні 11.00-де әуежайын жабу туралы шешім қабылданды. Қауіпсіздік мақсатында 24 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін бірқатар ішкі және халықаралық рейстер кейінге қалдырылды немесе кешіктірілді", — деп мәлімет берді комитет.

Көктайғақты жою үшін әуежай қызметі 11 тонна реагент пайдаланған. Толассыз жауын-шашын мен жел жағдайды одан сайын ушықтырып отыр.

Жолаушыларға рейс статусын алдын-ала тексеріп алуға кеңес берілді.

Жаңалықтар
0