АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Scat әуе компаниясының жолаушылары Астанадан Өскеменге ұшатын ұшақты кешеден бері күтіп жүр.
Рейс жұма күні, 22 желтоқсанда аттануға тиіс болатын.
"Не болып жатыр, СКАТ? Жоспарымыздың күл-талқанын шығардыңыздар! Арманымызды аяқ асты еттіңіздер! Асыра сілтеп тұрғаным жоқ", — деп жазды интернет қолданушы Жасын Біркенов.
Scat компаниясының өкілі рейстің кешігу себебін түсіндіріп өтті.
"DV 7840 рейсі 22.12.17 күніне жоспарланған болатын: рейстің кейінге қалуына ауа райы қолайсыздығына байланысты ұшақтың кешігуі себеп болды", — деп хабарлады Саодат Юсупходжаева Sputnik Қазақстанға.
Жолаушылар бүгін 19.40-та Өскеменге аттанады.