АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Алматы әуежайында таңертеңгі ахуал бойынша 10 рейс кешігіп жатыр.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, техникалық себептерге байланысты Air Astana әуе компаниясының бір дегенде үш ұшағы уақытында ұшпаған.
Ауа райы қолайсыздығы салдарынан SCAT әуе компаниясының Семей мен Шымкентке аттанатын рейстері кешіктірілді.
Өзге ұшақтар Алматыға басқа қалалардан келетін рейстер қатты кешіккендіктен әлі ұшқан жоқ. Олардың арасында Turkish Airlines компаниясының Стамбул рейсі, SCAT компаниясының Қостанайға рейсі және Air Astana компаниясының Ақтөбе, Стамбул және Бішкек қалаларына баратын үш рейсі бар.