Экономика

Аймақтық энергия өндіруші ұйымдар 6 млрд теңге қарыз болып қалған

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Энергетика министрі Сағынтаевтан әкімдіктерге қарызды өтеуді тапсыруын сұрады

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев энергия өндіруші ұйымдардың берешегі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Газбен жабдықтау желісіне қосып жатыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бозымбаев Астанаға газ қашан жететінін айтты
Министрдің айтуынша, энергия өндіретін ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" алдындағы берешегі 6,2 млрд теңгені құраған, бұл қыркүйек айының басындағы көрсеткіштен 2 есеге көп. 

"Богатырь-Көмір" мекемесі алдындағы қарызы 700 млн теңгеге жуық. "Қазтрансгаз" алдындағы ең көп берешек "МАЭК Қазатомөнеркәсіп" 3,8 миллиард теңге, АТКЭ – бір миллиардтан астам, "Ақтөбе ЖЭО" — 476 миллион теңге, "Жайық жылу энерго" 630 миллион теңге, "Таразэнергоорталық" 178 миллион теңге, "Қызылорда жылуэнергоорталық" 36 миллион теңге", — деді Бозымбаев, 

Министр премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан тиісті әкімдіктерге айтылған берешекті өтеуді қамтамасыз етуді тапсыруды сұрады.

Жаңалықтар
0