АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның ер азаматтары жұрт алдында ақша үшін шешінуге дайын қыздардың іс-әрекетін сынға алып, халыққа видео үндеу жасады.
Постқа жазылған пікірлерде конкурсқа екі қыз қатысқаны айтылыпты.
Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың инстаграмдағы парақшасында қазақ жігіттерінің қыздардың тәрбиесіне назар аударуды сұрағаны түсірілген видео жарияланды.
"Кеше ғана Zakova түнгі клубында болған оқиға масқарамызды шығарды: қаракөз қыздарымыз 5 мың теңге үшін (конкурс шарты бойынша ұтыс 50 мың теңге болған — агенттік ескертпесі) тыр жалаңаш шешінді. Өзіміздің ұлттық киіміміз сәукелені киіп алып, стриптиз биледі. Бұл не масқара, бұл не сұмдық! Жалпы Қазақ еліне, Алаш жұртына, намысы бар жігіттерге үндеу жолдап отырмыз! Дін жолында, өнер, спорт саласында жүрген азаматтардан қолдау күтеміз. Ояныңдар, қазақтың намысты ұлдары!" — деп үндеу тастады бір топ ер азамат.