Қоғам

Жалаңаш қыздарды жарнамаға шығарған туристік портал сынға ұшырады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСтюардесса
Стюардесса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазнет әуе билеттерін сатумен айналысатын портал шығарған эротикалық жарнамаға әртүрлі пікір айтты

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Жалаңаш қыздарды жарнамаға шығарған Choсotravel қазақстандық туристік порталына сексизмді насихаттаушы, ар-ұяттан жұрдай деген сын айтылды.

Әлеуметтік желіде таратылған видеода, жалаңаш қыздар әртүрлі авиакомпаниялардың стюардессасы рөлін сомдап, билеттерді сатып алуды ұсынады.

стюардесса - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Стюардесса қарындас: Астана тұрғыны ұшақта қырындағаны үшін сотталды

Бұған интернет қолданушылары әртүрлі пікір айтты: кейбіреулерге ұнаса, өзгелер жалаңаш қыздардың тәнін пайдаланып, пайда таппақ болған портал басшылығын қатал сынға алды.

"Меніңше, жарнаманы түсірушілер "сексизм"  немесе "объективация" деген сөздерді естімеген сияқты. Мұндай жарнамалар үшінші әлем елдеріне ғана лайықты, тіпті бүкіл ТМД елдеріне де сай келмейді – барлық жерде шу шығып, айыппұл салынар еді", — деп жазады Alexandra Prochshenko.

"Достар, жақсы екенсіңдер. Бірақ олай етуге болмайды. Маған, әйел заты ретінде, шынымды айтсам, ұнаған жоқ", — дейді Gulzhanat Ryskali.

"Команда намыстан PR-ды жоғары қойған екен", — деп атап өтті Ardak Berdibekov. 

Choсotravel порталы Chocofamily компаниясына тиесілі, оның құрамына Choсolife.me купондар сервисі, интернет дүкендер кіреді.

Жаңалықтар
0