АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Астана тұрғыны ұшақ бортында стюардессаға қырындап тиіскені үшін әкімшілік соттың шешімімен бір тәулікке қамауға алынды деп хабарлады елорадық соттың баспасөз қызметі сәрсенбі күні.
Істің дерегі бойынша, 2016 жылы 30 желтоқсанда мас ер адам "Эйр Астана" ұшағының бортында стюардессаға тиіспек болған.
"Құқық бұзушы өз әрекетімен қызметкердің ар-намысына нұсқан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды, азаматтардың мазасын алды", — деп атап өтті сотта.
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБК 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір тәулікке қамауға алу жазасына кесілді.
Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.