Саясат

Елбасы Путин өзімен қай уақытта ақылдасатынын айтты

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде көрші елмен қарым-қатынас, Ресейдегі президент сайлауына қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ресей біздің жақын көршіміз және одақтасымыз, саяси-экономикалық серіктесіміз. Ортақ тарихымыз бар. Қазақстан және қазақтың мүддесі үшін мұндай қарым-қатынас сақталады. Ресейдің мүддесіне де сай деген сенімдемін", — деген Назарбаев кездесуде.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Путин Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

"Жақын болғандықтан ақылдасамыз. Олар кеңес сұрайды, біз қандай да бір мәселелер бойынша кеңес сұраймыз. Ортақ міндет, мәселелерді шешеміз", — деген мемлекет басшысы Ресейде келесі жылы өтетін президент сайлауына қатысты пікір білдірді. 

"Қалыпты сайлау процесі. Владимир Путин кандидатурасын ұсынды. Мен оған сәттілік тілеймін. Бүкіл көрсеткіштер бойынша ол бұл сайлаудың фавориті деп ойлаймын. Бұл дұрыс, Ресей қиын жағдайға тап болған уақытта Путин президент және мемлекет қайраткері ретінде бәріне төтеп беріп, халықты алға бастап келеді", — деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0