Қоғам

Президент: "әйелдер – екінші сортты адамдар" деген ел емеспіз

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПоказ коллекции модного дома "Firdaws"
Показ коллекции модного дома Firdaws - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен кездесті

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дін саласындағы проблемаларды еңсеру үшін қандай шаруалар атқарылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Паранджа киген әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан ниқаб, чадра және паранджа киюге неліктен тыйым салмақшы?

"Қазіргі заманда діни ахуал ылғи көз алдымызда болуы керек. Қазір Сирияда, өз ішімізде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Біз қазақстандықтар зиялы қауымбыз. Дін мәселесі мемлекеттен бөлек тұрады. Дегенмен оны басқармай болмайды. Сондықтан жағдайды егжейлі-тегжейлі біліп отыру үшін арнайы министрлік құрылды. Қара киім киіп, тұмшаланып жүру қазақтарда еш уақыт болған емес. Әйелдердің барлығын бетін жауып, әйелдер екінші сортты адамдар деген ел емеспіз. Оны да қарау керек. Сақалы беліне түскен адамдар да бізге жарамайды. Өзіміздің ата-бабадан қалған жолымыз бар. Сол жолмен жүруіміз керек", — деді Елбасы. 

Назарбаев барлық мұсылман елінде діннің жұмысы мемлекеттің қадағалауында екенін атап өтті. 

"Ол Түркияда да, Сауд Арабиясында да, мұсылманбыз деген барлық араб елінде бар. Біз де қадағалап отыруымыз керек. Ешкімге шектеу жоқ. Қазақстанда 3000-ға жақын мешіт ашылды. Кім қай дінді ұстанғысы келсе, ерік өзінде. Дегенмен елімізде бүлік салмауы керек. Басқа ағымға дінді бұрып әкетіп, бүлік шығаратын террористер шықпауы керек ішімізден", — деді президент.

Жаңалықтар
0