АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Қазақстанда бетті жауып тұратын киімдер киюге тыйым салу азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудан туындап отыр. Бұл туралы “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын дипломаттарға түсіндіруге арналған брифингте еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.
"Нәтижесінде сарапшылар азаматтардың қауіпсіздігі осындай шаралар енгізуді талап етеді деген шешімге келді", — деді Ермекбаев.
Ол мұндай шара "шын мәнінде діни мәселеге қатысты емес екенін, бұл қоғам қауіпсіздігі мәселесі саналатынын" атап өтті.
"Ниқаб, чадра, балаклава, паранджа және бетперделер сияқты киімдер жеке тұлғаны сәйкестендіру кезінде құқық қорғау органдарына кедергі келтіреді, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігін төмендетеді. Сонымен қатар, бұл біздің қоғамға тән емес және көпшілікті бұл ашық түрде алаңдатады", — деді Ермекбаев.
Заң жобасы Қазақстан парламентіне жыл соңынан дейін түсуі тиіс.