Қоғам

Еліміздің төрт облысында тас жолдар әлі ашылған жоқ

© Photo : ДЧС Карагандинской областиТасжолдағы фуралар
Тасжолдағы фуралар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін кешке Павлодар облысында республикалық маңыздағы барлық жол жабылады

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. "Қазавтожол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Дилара Зарлықова ауа райының қолайсыздығынан қандай тас жолдарда қозғалыс шектелгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Трассадан адамдарды эвакуациялау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Хоккейші оқушылар мінген автобус "Өскемен-Павлодар" тас жолында тұрып қалды
"Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО-да жолдар әлі күнге дейін жабық. Павлодар-Астана және Павлодар-Омбы тас жолдарында енгізілген шектеу кешке дейін алынып тасталды. Десек те бүгін кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысында республикалық маңыздағы барлық жол жабылады", — деді Зарлықова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. 300-ге жуық техника жұмылдырылған.

"Сондай-ақ, Шідерті-Қарағанды облысының шекарасы, Қалқаман-Қарағанды облысының шекарасы, Ленинск-Ақсу-Курчатов, Павлодар-Успенка, Павлодар-Шарбақты тас жолдары әлі де жабық",- деп түйіндеді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жаңалықтар
0