АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанаға ресми сапармен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков келді. Көрші елдің мемлекет басшысын Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.
Екі елдің мемлекет басшылары делегация құрамындағы лауазымды адамдармен қол алысып болғасын, оркестр алдымен Қырғызстан әнұранын, одан кейін Қазақстанның әнұранын ойнады. Еліміздің әнұраны ойнаған кезде Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қолын жүрек тұсына қойып, өз құрметін көрсетті.