Видео

Назарбаев пен Жээнбеков журналистерге не айтты?

Жазылу
Минскте Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты шешім қабылдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Беларусь астанасында Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты қарым-қатынастардың перспективаларын, оның ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады. Sputnik Қырғызстан кездесудің видеосын жариялады. 

Мемлекет басшылары кездесу соңында бірлескен мәлімдеме жасады.  

Назарбаев Жээнбековті мемлекет басшысы қызметіне сайлануымен құттықтағанын атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Жээнбеков келісімге келді: шекарада енді қиындық болмайды
" Екі ел арасындағы туысқандық әрі бауырластық қарым-қатынасты орнына келтіру қажет. Бұл жерде екі халықтың мүддесі тұр. Шекарадағы жағдайдың не үшін болғанын бәріміз білеміз. Сондықтан біз былай деп келістік. Біздің елдеріміздің үкіметі жасаған "жол картасы" бар, бүгін-ертең оны қарау үшін жұмыс топтары кездесіп, ол "картаға" қол қояды. Содан кейін "Қордай" бақылау-өткізу пунктінде шекараны уақытша ашып,  екі жақтан бақылау орнатамыз. Сонымен қатар, қазақ және қырғыз тарапынан, ЕАЭО-дан үш адам жүктерді қарап, өткізіп отырады. Қытаймен шекарада да осындай тексеріс жүргізіледі", — деп хабарлады Қазақстан басшысы.  

Назарбаев Жээнбековті ресми сапармен Қазақстанға шақырғанын да айта кетті. Қырғыз басшысы әріптесіне алғыс білдірді.     

"Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен барлық мәселені талқылап, бір шешімге келдік. "Жол картасы" әзірленді, желтоқсанда бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтаймыз. Шекарада қазақ және қырғыз тарапынан да, ЕАЭО тарапынан да бақылау орнатамыз. Барлық мәселе келісілген мерзімде шешіледі", — деп атап өтті Жээнбеков.

Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы Қырғызстандағы президент сайлауы науқаны кезінде шиеленіскен болатын.  Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды науқанға араласты деп айыптады.  


Жаңалықтар
0