Саясат

Назарбаев пен Жээнбеков келісімге келді: шекарада енді қиындық болмайды

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіНұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екі елдің шекарасындағы күрделі жағдайдың шешімін тапты

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Минскте Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады. 

Мемлекет басшылары Беларуське Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысу үшін келді.  

Доллар - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 млн доллардан бас тартатынын ресми түрде хабарлады
Президенттер екіжақты қарым-қатынастардың перспективаларын, оның ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады.  

Назарбаев Жээнбековті мемлекет басшысы қызметіне сайлануымен құттықтап, екі халық арасындағы бауырластық, тату көршілік қарым-қатынасты "қайтару қажет" екенін атап өтті. 

"Шекарадағы жағдай бойынша мынадай шешім қабылданды. Біздің елдеріміздің үкіметі жасаған "жол картасы" бар, бүгін-ертең оны қарау үшін жұмыс топтары кездесіп, ол "картаға" қол қояды. Сондай-ақ "Қордай" бақылау-өткізу пунктінде шекараны уақытша ашуға және екі тараптан бақылау орнатуға шешім қабылданды. Сонымен қатар,  ЕАЭО-дан үш адам жүктерді қарап, өткізіп отырады. Қытаймен шекарада да осындай тексеріс жүргізіледі", — деп хабарлады Қазақстан басшысы.  

БҰҰ кеңесінің отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан БҰҰ мінберінен шекарадағы шиеленіске Қазақстанды айыптады
Назарбаев Жээнбековті ресми сапармен Қазақстанға шақырғанын айта кетті. Қырғыз басшысы әріптесіне алғыс білдірді.     

"Біз Нұрсұлтан Әбішұлымен барлық мәселені талқылап, бір шешімге келдік. "Жол картасы" әзірленді, желтоқсанда бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтаймыз. Шекарада қазақ және қырғыз тарапынан да, ЕАЭО тарапынан да бақылау орнатамыз. Барлық мәселе келісілген мерзімде шешіледі", — деп атап өтті Жээнбеков.

Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы Қырғызстандағы президент сайлауы науқаны кезінде қазан айының басында шиеленіскен болатын.  Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды науқанға араласты деп айыптады.  


Жаңалықтар
0