Саясат

Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 млн доллардан бас тартатынын ресми түрде хабарлады

© Photo : pixabay.comДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаражат Қырғызстанға ЕАЭО-ға қосылу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген еді

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қырғызстан 100 миллион доллар техникалық көмек бөлу туралы Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

Жұмыртқа. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді

"Біз қырғыз тарапынан өткен аптада келісімнің күші жойылғаны туралы ресми хабар алдық. Одан әрі бұл мәселе халықаралық құқық нормаларына сай шешілетін болады", — деді Жайнақов журналистерге. 

Қазақстан осы жылдың шілдесінде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Қаражат Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, атап айтсақ, қырғыз учаскесіндегі кеден инфрақұрылымын жақсартуға, Қырғызстанның санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйелерін одақтың талаптарына сәйкестендіруге бөлінген болатын. 

Келісімнің бұзылуына Қырғызстанда өткен президент сайлауы кезінде Астана мен Бішкек арасында туындаған дипломатиялық жанжал себеп болды. Сайлау кезінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін сынаған еді.

Жаңалықтар
0