АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілген 302 400 тауық жұмыртқасын шекарадан өткізбей қойды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандары өнімді "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде ұстаған.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен.
"Тексеру кезінде жүктің жөнелтпе құжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды", — деп жазылған хабарламада.
Акт толтырылып, өнім Қазақстанға қайтарылды.