Қоғам

25 жастағы жігіт "Нұрлы Жол" вокзалына бомба қойылғанын хабарлады

© PhotoҚолына кісен салынған адам, архивтегі фото
Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған ақпарат берген Астана тұрғыны психдиспансерде есепте болған

АСТАНА, 25 желтоқсанда — Sputnik. Ер адам Жоғары сот, Назарбаев Университеті ғимараттары мен "Нұрлы Жол" вокзалына бомба қойылғаны туралы хабарлады.

Астана ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы жігіттен алғашқы жалған қоңырау бүгін сағат 12.16-да түскен. Ол жаңа вокзалдың ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған, ал 14 минуттан соң Жоғары сот ғимаратына "бомба қойған". 

Жалған терроризм - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыдағы кеңседе бомба бар деп хабарлаған адам ұсталды
Ал 13.30-да полицияға Назарбаев Университетінде бомба бар екенін хабарлаған.  

"Қауіпсіздік шаралары қабылданды. Барлық қызмет уақытылы барды. Шақыртылған орындарда шұғыл әрекет ету қызметтері жұмыс істеді", — деп түсініктеме берді ІІД.

Департамент ер адамның жеке тұлғасы анықталғанын атап өтті. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен, қазіргі таңда қамауда отыр.  

Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   


Жаңалықтар
0