Өңірлер

Алматыдағы кеңседе бомба бар деп хабарлаған адам ұсталды

© Sputnik / Жоомарт УраимовЖалған терроризм
Жалған терроризм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бомба туралы жалған ақпарат таратқан жұмыссыз адам болып шықты

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Алматыда кеңселердің бірінде бомба бар деп жалған ақпарат таратқан адам ұсталды, деп хабарлайды Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Телефон терроризмі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мас адам ЭКСПО-2017 аумағында бомба бар деп хабарлаған

Сейсенбі күні күндіз Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан кеңселердің бірінің "миналанғаны" туралы хабар шыққан. Тексеру барысында ешқандай бомба табылмады.

"Жедел бөлімше өкілдері қысқа уақыт аралығында хабар таратушыны анықтап, құрықтады. Жедел іздестіру нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының 1995 жылы туған тұрғыны ұсталды, өзі жұмыссыз, бұзақылық ниетпен жалған мәлімет таратқан", — дейді Салтанат Әзірбек.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекс бойынша мұндай қылмыс үшін алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0