Қоғам

Мас адам ЭКСПО-2017 аумағында бомба бар деп хабарлаған

© Sputnik / Жоомарт УраимовТелефон терроризмі
Телефон терроризмі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО аумағында бомба бар деп хабарлаған ер адам көп ұзамай ұсталып, өз ісін мойындады

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik.Полиция қызметкерлері ЭКСПО-2017 аумағында жарылығыш құрылғы бар деп хабарлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Астана ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Нұр әлем павильоны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Сферадағы" шытынаған шыныны жақын арада ауыстырады

Жедел басқару орталығының "102" арнасына ер адам хабарласып, көрме аумағында жарылғыш орнатылғанын хабарлаған.

Қоңырау шалынған соң көп ұзамай 32 жастағы Оңтүстік Қазақстан тұрғыны жалған терроризм жасады деген күдікпен ұсталды. Ер адам жасаған ісін мойындап, мас күйінде қоңырау соққанын мәлімдеді. Дәрігерлер оның мас екенін растаған.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 273-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сот алды тергеулердің Бірыңғай реестріне тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар
0