АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның үш облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметі.
Ақмола облысында Екатеринбург — Алматы автожолының 1330-1353 километрінде, яғни Аршалы ауылы мен Қарағанды облысының шекарасы аралығында жол жабық. Сонымен бірге, Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 156-205 километрі – Ерейментау мен Павлодар облысы арасындағы бөлігі жабылған.
Шығыс Қазақстанда Омбы-Майқапшағай автожолының 587-733 километрі – Семей мен Павлодар облысының арасындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.
Екі облыс – Павлодар мен Қарағандыда ауа райының бұзылуына байланысты барлық бағыт бойынша көліктің бүкіл түріне қозғалыс шектелген.