Өңірлер

Ауа райы болжамы: бүгін қар жауып, көктайғақ болады

© PhotoҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде, тұман, боран, көктайғақ, бұрқасын болмақ

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

боран, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, көктайғақ, тұман, желдің екпіні кей жерлерде 18-23, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, бұрақсын — 30 м/с астам.

Павлодар, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні —15-20, бұрқасын 23-28, кей жерлерде 30 м/с асады, Павлодар облысында — боран.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде боран, желдің екпіні — 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысында — бұрқасын — 25 м/с, кей жерлерде боран.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20, бұрқасын — 23-28 м/с.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында — көктайғақ.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде боран, желдің екпіні — 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстанда боран, тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Жаңалықтар
0