Өңірлер

Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуборан, архив суреті
боран, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қар түсіп, бұрқасындатады, қатты жел мен көктайғақ болады

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Еліміздің төрт облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасай отырып. 

25 желтоқсанда таңертең және күндіз, 26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр қарға ұласады деп болжанады. 25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші  кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с болады. 

Тараз қаласында 25-27 желтоқсанда қатты жел соғып, күші 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.  

26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауған жаңбыр қарға ұласып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с болуы ықтимал. 

25-26 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, 25 желтоқсанда екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа жетуі мүмкін. 

26-27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қалың қар түсіп, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 25 желтоқсанда күндіз, 26-27 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрден асуы ықтимал. 

 

 

Жаңалықтар
0