АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек шығыс мен оңтүстік шығыста күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел соғады – 15-20 м/с.