Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© AP Photo / Sergei GritsАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 23-25 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады. 

"Сібір антициклонының әсерінен Қазақстанның көптеген облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Оны алмастыратын Оңтүстік Каспий циклоны елге жылы әрі дымқыл ауа массаларын әкеледі. Соның ықпалынан ауа температурасы көтеріледі деп болжануда", — делінген хабарламада. 

"Қазгидрометтің" ақпаратынша, циклонның батыстан шығысқа жылжу шамасына қарай, республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан қатты жел соғып, көктайғақ болады.

Жаңалықтар
0