Өңірлер

Шымкент әуежайындағы қалың тұманның себебі белгілі болды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент әуежайының жұмысына қалың тұман кедергі болған еді

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Метеорологтар Шымкент әуежайындағы қалың тұманның себебін түсіндірді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

ЖЭС - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың көк түтіні: әкімдік қаланың экологиялық жағдайы жақсы екенін айтты

2017 жылдың 13-22 желтоқсаны аралығында Шымкент аэродромында қалың тұман түсіп, тек күндіз ғана аздап сейілген.

"Оңтүстік Қазақстан облысында Омбы аймағынан келген антициклон ықпал етіп, салдарынан қалың тұман түзілген. Ауа райы құбылысы үлкен аумақты қамтыды: Ташкент, Жетісай, Арыс, Түркістан, Қызылорда, Тараз", — делінген хабарламада.

Комитет атап өткендей, өңірде мұндай құбылыс бірінші рет болып тұрған жоқ. 2017 жылдың қаңтарында да антициклон салдарынан Шымкент әуежайын қалың тұман басқан еді.

Жаңалықтар
0