АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі микроавтобус соқтығысты, деп хабарлайды "Мой город" өңірлік порталы.
Орал – Атырау автожолында жұма күні сағат 17.40-та көлік апаты болып, 45 және 43 жастағы екі әйел қаза тапты.
"Жолаушылар мінген Volkswagen Sharan көлігі Оралдан Атырауға жол тартқан. Ал оған қарама-қарсы Ford көлігі келе жатады. Болжам бойынша, жүргізуші алдындағы көліктен озамын деп, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Sharan микроавтобусына соғылған", — деп мәлімет берді облыстың жергілікті полиция қызметі.
Жұма күні қар қалың жауып, жол дұрыс көрінбей кеткен екен.
Көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, айыпты бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін.