АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметтен кетуге өтініш берді, деп хабарлайды ұйым сайты.
Әубәкіров 2018 жылы 1 қаңтарда отставкаға кетеді екен. Оған отбасылық жағдайы себеп болыпты.
ҚФФ атқарушы комитетінің отырысна дейін бас хатшы міндетін Азамат Айтқожин атқарады.
Айтқожин ұлттық құрама футболшыларына алғысын білдіріп, үндеу тастады.
"Былтырғы іріктеу циклінің нәтижелерін бағалайтын сәт келіп жетті. Алға ұмтылып, одан да жоғары жетістіктерге жетуге тиіспіз!… Топтағы қарсыластарымыздан жақсы сабақ алып, дұрыс бағыт алсақ, жақсы ойын өрнегін көрсете алатынымызды дәлелдедік", — деді Айтқожин.