Спорт

"Шахтердің" экс-ойыншысы қатерлі ісікті жеңіп, мансабын аяқтады

© AP Photo / Darko BandicНикола Покривач
Никола Покривач - Sputnik Қазақстан
Жазылу
32 жастағы Никола Покривач аурудан құлан таза айыққаннан кейін бапкерлік жұмыспен айналысуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Хорватия құрамасы мен қарағандылық "Шахтердің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач футболшы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz порталы. 

Астана ФК еурокубоктардың плэй-оффына шыққан алғашқы қазақстандық клуб атанды - Sputnik Қазақстан
Спорт
Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады

Белгілі болғандай, 2015 жылы Никола онкологиялық ауруға шалдыққан. Спортшы екі рет химиотерапия курсынан өтті, сол аралықта футбол да ойнап үлгерген. Алайда Покривач қатерлі ісікке қайта шалдыққан. Бұл жолы дәрігерлер спортшының бағаналық жасушаларын ауыстырды, ал донор пациенттің анасы болған. 

"Ауруханадан шыққаныма төрт ай болды. Әр апта бейсенбі күні мен тексеріске барамын. Әзірге бәрі жақсы. Мен үшін оңай болған жоқ, нағыз тозақ сияқты көрінетін. Мен 50 күн бойы қызымды көргенім жоқ, енді онымен көп уақыт өткізгім келеді", — дейді Покривач. 

Никола алғаш рет қатерлі ісікке шалдыққанда емделу қиынға соққанын жеткізді. 

"Қатерлі ісікпен екінші және үшінші рет ауырғанда, мен міндетті түрде жазылып кететінімді білдім. Өйткені егер сен ракты бір рет жеңсең, онда одан кейін де қолыңнан келеді. Мен әрдайым күрестім, бірақ оңай болған жоқ әрине, тозақтан өткендеймін", — дейді Никола. 

Қазақстандық спортшы гір тасын көтеруден әлем чемпионы болды - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық спортшы гір тасын көтеруден әлем чемпионы болды

Қазіргі таңда Покривачқа денесіне салмақ түсіруге тыйым салынған. 

"Мен жеті айға созылған емнен кейін футболға қайтып оралған едім. Алайда бұл жолы ондай болмайды. Футболшы мансабын аяқтадым деп айта аламын. Алты айдан кейін бапкерлік курсын бастауды жоспарлап отырмын. Болашақта не болатыны Аллаға ғана аян, бірақ мен футболда қалғым келеді", — дейді 32 жастағы футболшы. 

Покривач "Шахтер" сапында 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың маусымы аралығында ойнады. Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізді.

Жаңалықтар
0