Өңірлер

Прокурор СҚО тұрғыны немересін пешке қалай жаққанын айтып берді

© AP Photo / Dave MartinПештегі отын, архивтегі фото
Пештегі отын, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Любовь Русалеева жаңа туған немересін өлтіргені үшін сотталып жатыр

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған немересін пешке жағып жіберген әйелдің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.  

8-сыныптық білімі бар 62 жастағы Любовь Русалеева өмір бойы Мамлют ауданының Дубровное ауылында тұрған, зейнеткер бұрын сотталмаған.

Сотқа зардап шегуші ретінде баланың анасы 29 жастағы Олеся Грудинская қатысып жатыр. Ол отырыс басталмай тұрып жантүршігерлік қылмыс жасаған анасын кешірмейтінін және оған ең қатаң жаза сұрайтынын мәлімдеді.  

"Русалеева 6 қараша күні кешкі уақыта үйінде спирттік ішімдік ішкен, бұл кезде оның қызы Грудинская кәмелетке толмаған ұлы және жаңа туған қызымен бірге үйде болған. Сағат 18 шамасында Грудинская бесікарбада ұйықтап жатқан қызы Валентинаны анасына қалдырып, ұлымен бірге дүкенге шығып кетеді. Осы кезде Русалеева баланы жақтырмайтындықтан немересін жылыту пешіне тірідей жағып жіберуге кіріскен", — деді прокурор Уәлихан Мүсірәлиев. 

Зейнеткер отын қоймасына барып, пешке отын салып, температураның күшейгенін күткен, содан соң ұйықтап жатқан баланы пеш тұрған бөлмеге алып келген. Ол плитаның үстіндегі шойын қақпақты ашып, салқынқандылықпен баланы жанып жатқан отынға тастап жіберген.   

Пеш - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Солтүстік Қазақстанда әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген
Зардап шегуші Олеся Грудинская сотта анасымен бірге тұрғанын растады.   

"Жүктілік кезеңінде анам ешқандай оғаш қылық танытқан жоқ. Оған аборт жасатқым келгенін, бірақ кеш қалғанымды айттым. Кейін баланы перзентханада қалдырып кеткім келді, алайда ол "ондай ойды екінші айтушы болма, бірге тәрбиелейміз" деді… Баланы бағуға үнемі көмектесіп отыратын. Не үшін бұлай жасағанын әлі күнге дейін түсіне алмай жүрмін …", — деді Олеся.

Sputnik Қазақстан сот процесін қадағалап отырады.  


Жаңалықтар
0