Оқиға

Солтүстік Қазақстанда әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVПеш
Пеш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасы 60-тан асқан әйелдің мұндай қадамға неліктен барғанын дөп басып ешкім айта алмай отыр

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберді, деп хабарлайды КТК.

Жанып тұрған шырпы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ата-анасы үсіп қалған қызының денесін өртеп жіберген

Оқиға Мамлют ауданы Дубровное ауылында болған. Мұнда Олеся Грудинская анасымен, 9 жасар ұлы және жаңа туған қызымен тұрған екен.  

Әйел 19 қазанда қыз босаныпты. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түскен. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа  барған. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, аздап ішетіні болмаса, Любовь Русалиеваның ешкімге зияны жоқ, көршілерімен тату болған.

Алпысты алқымдаған Любовь Русалиеваның мұндай әрекетке не итермелегенін қазір тергеушілер анықтап жатыр. 

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада. Анасы туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған.

Жаңалықтар
0