Өңірлер

Ақтауда 15 жасар қыз өлімінің мән-жайы анықталып жатыр

© AP Photo / Darko Vojinovicшатырда отырған адам
шатырда отырған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми емес дереккөздің ақпараты бойынша қыз үйдің шатырында асылып қалған

АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау туризм колледжінің бірінші курс студентінің денесі 18 желтоқсанда сегізінші ықшамаудандағы тұрғын үйлердің бірінің шатырынан табылды, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда екі жігіт асылып қалды

"18 желтоқсанда сағат 01:49 шамасында кезекші бөліміне қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына криминалдық полиция мен тергеу тобының қызметкерлері жетті. Қыз өлімі фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлімі (Өз-өзін өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", — деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Колледждегілер қыздың ашық мінезді болғанын, психологтың есебінде тұрмағанын айтты. 

Басылымның ресми емес дерекөзі хабарлағандай, қыз шатырда асылып қалған. Ол жетінші мамырда биік құздан құлап, мерт болған қыздың құрбысы екен.

 

 

Жаңалықтар
0