Өңірлер

Көкшетауда екі жігіт асылып қалды

© AP Photo Дар
Дар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 және 25 жастағы екі жігіт салынып бітпеген қараусыз ғимаратта асылып қалған

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Екі жігіт өз-өзіне қол салған, олардың бірін жедел жәрдем бригадасы фельдшері құтқарып қалды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

дар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Арқалықта жас жұбайлар гаражда асылып өлді

Оқиға 31 шілде кешкісін болған. Жедел жәрдем станциясына қала тұрғыны хабарласып, салынып бітпеген қараусыз ғимаратта екі адамның асылып қалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бір адамды аман алып қалды, ол қазір облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Екінші ер адам көз жұмған.

Құқық қорғау органдары қаза болған 1993 жылғы жігітті тексеру барысында хат тауып алған, онда өздерінің өліміне ешкімді кінәламауды сұрапты. Тура сондай хат аман қалған 1992 жылғы жігіттің қалтасынан табылды. Екеуі де Бурабай ауданы тұрғындары.

Ақмолалықтарды мұндай қадамға не итермелегенін тергеу анықтайды.

Жаңалықтар
0