АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Арқалықта жас жұбайлар өз үйінің гаражында асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды "Наш Костанай" газеті.
Қайғылы оқиға 30 сәуірде болған, алайда суицид туралы енді ғана белгілі болды. Ерлі-зайыптылар Торғай гуманитарлық колледжінде "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатқан. Олар педагог болуды армандайтын.
Туыстарының айтуынша, олардың шаңырақ көтергеніне небәрі төрт ай болған екен. Достары мен оқытушылары болған оқиғаға әлі сене алмай отыр.
"29 сәуірде колледжіміздің базасында облыстық семинар өтіп, екеуі де ашық сабақтарға белсенді қатысты. Біз олардың жоқ екеніне әлі де сене алмай отырмыз. Полиция өзіне қол салу дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бірақ бізге әлі ешқандай хабар берген жоқ", — дейді Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова.
Сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды.