АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаны әрі қарай іске асыруға бағытталған Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы жүргізілген конституциялық реформаны әрі қарай іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", — деп жазылған хабарламада.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.