Қоғам

Президент әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешуді көздейтін заңға қол қойды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң қарулы күштерінің және барлық күш құрылымдары органдарындағы баспанасыз жүрген әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесін шешуге оң ықпал етпек

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін көтеруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарланған Ақорданың ресми сайтында. 

Заңда әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің баспана мәселесін шешудің жаңа алгоритмі көзделген. 

Әскери бөлімше - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әскери қызметшілерді баспанамен қамту жүйесі өзгереді

Әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есепшотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болады. Әскери қызметшілер осы тұрғын үй төлемдерін тек келесі мақсаттарға жұмсай алады: ипотекалық несиені пайдалана отырып, тұрғын үйді сатып алуға, тұрғын үй арендасын төлеуге, соның ішінде баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға, үлестік тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысқан кезде жарналарды төлеуге, тұрғын үй құрылысы жинақтарын жинауға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

Бұдан бөлек, заң жобасы әскери қызметшілердің баспанасыздық проблемасының басқа түйткілді түйіндерін тарқатуға бағытталған. Бірінші кезекте жиырма жыл және одан да көп ғұмырын әскери борышты өтеуге арнаған әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің көптен қабырғаға батқан маңызды мәселесі шешімін таппақ. Олардың біразы көшіп кетуге мүмкіндігі болмағандықтан, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда қызметтік тұрғын үйлерде тұруға мәжбүр. 

Әскерилер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Парламент әскерилерге арналған баспана туралы заңға түзетулер енгізді

Әскери зейнеткерлердің тағы бір бөлігі тіпті ешқандай баспана берусіз қызметтен шығарылған. Бұл ретте заң жобасына сәйкес қандай да бір тұрғын үй берілместен қызметтен шығарылған әскери зейнеткерлер біржолғы ақшалай өтемақыны алдағы 2018 жылы алатын болады. Яғни, олардың тұрғын үйге деген құқығы толық іске асырылады. Әскери қалашықтарда тұрып жатқан зейнеткерлерге де біржолғы ақшалай өтемақы төлеу көзделген. Осының арқасында ведомстволардың қолданыстағы қызметтік тұрғын үй қоры босатылады және ол баспаналар іс басындағы әскерилердің тұруына ұсынылады.

Заңдағы келесі жаңашылдыққа сәйкес, әскери қызметті өтеу барысында қаза тапқан немесе дүниеден өткен әскери қызметшілердің отбасыларының баспана мәселесі шешіледі. Оларға әскеридің қызметін өтеген өңірдегі жаңа тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленбек. Сонымен қатар қызметін өткеру кезінде жарымжан болып қалған немесе ауыр дертке шалдыққандықтан әскери есептен шығарылған әскери қызметшілерге де біржолғы өтемақы берілетін болады. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда әскери қызмет өткеру ережелері өзгерді

Тағы бір маңызды жаңа норма жабық әскери қалашықтар мен заставаларда орналасқандықтан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге қатысты. Заң жобасы бойынша оларға сол өңірге тиесілі тұрғын үй төлемдері ай сайын елу пайызының көлемінде аударылатын болады. Бұл әділетті болып табылады, себебі мемлекет аталған әскер  қызметшілерді тегін қызметтік баспанамен қамтамасыз етеді, олардың коммуналдық төлемдерін де толығымен мемлекет көтереді. Сондықтан әскери қызметшінің мұның сыртында мемлекет беретін елу пайыз көлемінде тұрғын үй төлемдерін жинақтап, банктердің ипотекалық несиелендіру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндігі бар. 

Заң жобасының тағы бір новелласына сәйкес, 2013 жылғы бірінші қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдары он және одан көп болатын барлық әскери қызметшілер үшін жиырма жыл әскери қызметін өтегеннен кейін қызметтік баспананы өтеусіз жекешелендіруге құқығы қайта қайтарылады. Қызметтік баспана жекешелендіруге жатпайтын болса, өтеусіз жекешелендіру құқығы баспана құны көлемінде өтеледі.

Ұсынылып отырған модельді жүзеге асыру үшін 2018 жылы қажет болатын қосымша қаржыны республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаған. 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0