АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда тұрғылықты жерге және уақытша тіркелу тегін болуы мүмкін. Тиісті мемлекеттік баж алымын тоқтату және Салық кодексінің жобасына түзетулер енгізу бастамасын ішкі істер министрлігі көтерді.
"Жоба Қазақстан Республикасы парламенті сенатының қарауында жатыр", — деп атап өтті ведомство.
Қазіргі таңда Қазақстанда уақытша және тұрақты тіркелу үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 % — 226, 9 теңге алым ұсталады.
2018 жылдан бастап электронды үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге қою және азаматтарды есептен шығару механизмі енгізіледі деп жоспарланып отыр.