АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Новосібір қаласының отыз жастағы тұрғыны екі адамды қорғаймын деп бұзақыны соққыға жыққаны үшін сотталмақ, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға 16 мамырда болыпты. Ер адам мас азаматтың көлік тұрағында жас қыз бен жігітке тиісіп тұрғанын көрген. Қыз бен жігітті қорғағысы келген новосібірлік қастарына жетіп барып, бұзақының басынан бір ұрады, ал ол жерге оңбай құлап, басына ауыр зақым келген.
Содан кейін ер адам қылмыс орнынан кетіп қалады, бірақ артынша жасаған ісін мойындап, полицияға барған.
Адамның денсаулығына қасақана зақым келтіргені үшін 6 айға қамауға алынуы мүмкін. Қылмыстық іс Новосібір орталық аудандық сотында қаралмақ.