Оқиға

Ақтөбеде ҰҚК облыстық департаментінің қызметкері сотталды

© AP Photo / J Pat CarterКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам сыбайласымен бірге банктен ірі сомадағы қаражаттты комиссиясыз алмақ болған

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. ҰҚК облыстық департаментінің терроризммен күрес бойынша арнайы басқармасы басшысының орынбасары Асланбек Тахауиев сыбайласымен бірге бухгалтерді бопсалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Еуразиялық банк АҚ елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еуразиялық банктің Астанадағы филиалын басқарған Мұрат Мұқанов сотталды

Шенеунік департамент жүргізушісі және тағы бір әріптесімен 200 миллион теңгені банктен қолма-қол ақша етіп алмақ болған. Қаражаттың қайдан келгені туралы ақпарат жоқ.

Бірінші транш — 15 миллион теңгені алғанда, банк комиссия ұстаған, сол кезде ҰҚК департамент қызметкері ақшаны бухгалтерден талап етеді. Әйел адамды қорқытып, бір жарым миллион теңгені қайтарып алмақ болады. Банк қызметшісі полиция шақырған.

Сотталушылар кінәсін мойындамады. Арнайы басқарма басшысының бұрынғы орынбасары он жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Жүргізуші сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір сыбайлас адам қашып жүр.

Жаңалықтар
0